{metadescription}
Ақорданың маңына жиналған бір топ адам кредиттің кешірілуін талап етті

Ақорданың маңына жиналған бір топ адам кредиттің кешірілуін талап етті

Жиналғандармен кездесуге президент әкімшілігінің арыз-шағымдарды қарау бөлімі басшысының орынбасары Данияр Қадыров шықты.

Қазақстанда тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай және жақтастары Ақорданың алдында жиналды. Бұған дейін Мамай 4 тамызда Ақордаға барып, 100 мың адамның арызын тапсыратынын хабарлаған болатын. Барлығы кредитті кешіруді талап етіп отыр. Осыған орай, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына арнайы хат та әзірленген. 

"Қазақстанда халықтың бір бөлігіне ғана төленген 42 500 теңге мардымды көмек деп айта алмаймыз. Бұл күнкөріске жетпейтін, табысынан айрылған елге қолдау болатын ақша емес. Оның үстіне, жұмыссыз қалып, айлығынан қағылған халықты қыспаққа алып отырған басты әлеуметтік мәселе — несиелік борыш болып отыр. Бүгінгі таңда 5.3 миллион халықтың 4.4 триллион теңгені құрайтын несиелік борышы бар. Оны халық қазір төлей алмай отыр", – делінген хатта. 

Кредиттің кешірілуін сұраған хатты Тоқаевқа тапсыру үшін үкімет үйінің алдына жиналған адамдар

Сондай-ақ, хат иелері несиелік амнистия жариялауға ақша жоқ деген сылтауға сенбейтіндерін жеткізеді.

"Сіздің сөзіңізге сенсек, Ұлттық қорымызда 90 миллиард доллар қаражат бар. Одан бөлек, тәуелсіздік жылдарында офшорға 140 миллиард доллар аударылған. Сол ақшаны неге қайтармасқа? Ұлттық қордың қаржысын неге қолданбасқа? Осы уақытқа дейін банктеріне көмек алып келген олигархтарды өз қаржысын Қазақстанға қайтарып, қарызын төлетуге неге мәжбүрлемеске? Біз сізге хат жазуымыздың себебі де осында", – дейді олар.

Бүгін Жанболат Мамай бір топ адамдармен бірге Ақордаға хатты және арыздарды тапсыру үшін жиналған. Оның әлеуметтік желідегі парақшасында видео жарияланды.

"Біз 100 мыңға жуық халықтың несиелік амнистия бойынша арызын тапсырғалы отырмыз. Сол үшін жиналдық. Барлығымызда медициналық бетперде мен қолғап бар. Әлеуметтік арақашықтықты сақтап, тәртіп бұзып тұрған жоқпыз. Мақсатымыз – осы арыздарды тапсыру. Бір айдай уақыт береміз. Егер біздің талаптарымыз орындалмайтын болса, онда митингке шығуға мәжбүр боламыз", – дейді Мамай.

Хат пен арыздарды тапсыруға келгендер алдымен жолаушылар көпірі арқылы Ақордаға қарай өтпек болған. Бірақ олардың жолын құқық қорғаушылар бөгеді. Одан кейін министрліктер үйінің екінші аркасына барып еді, ол жақтан да бір топ сақшыларға тап болды. Содан соң президент әкімшілігінің арыз-шағымдарды қарау бөлімі басшысының орынбасары Данияр Қадыров шықты. Ол барлық арызды қабылдауға әзір екенін жеткізді.

Президент әкімшілігінің азаматтарды қабылдау кабинеті министрліктер үйінде орналасқан. Карантинге байланысты оған адамдардың шектеулі санын ғана кіргізді. Кейіннен Жанболат Мамай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында барлық арыздың қабылданғанын мәлімдеді.

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде