{metadescription}
Бейруттағы жойқын жарылыс: Қазақстан консулы жараланды

Бейруттағы жойқын жарылыс: Қазақстан консулы жараланды

Жарылыс салдарынан Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына зақым келгені айтылып отыр.

Бейрутта теңіз портында болған жарылыс кезінде Қазақстанның Ливандағы консулы Бағлан Сыпабек жарақат алды. Қазақстандық дипломаттардың ақпаратына сәйкес, 4 тамыз күні Бейрут жергілікті уақытымен сағат 18:00 кезінде теңіз порт базасында бірнеше жарылыс болды. Жақын маңдағы және бірнеше шақырым қашықтықтағы үйлер, ғимараттар қирады.

"Жарылыс толқынының әсерінен Қазақстанның Ливандағы дипломатиялық миссиясының ғимаратынына зиян келді", - деп қосты СІМ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде