{metadescription}
SOS: Аралда жоғалған үш адам құмдағы жазудың арқасында аман қалған

SOS: Аралда жоғалған үш адам құмдағы жазудың арқасында аман қалған

Үш ер адам моторлы қайықпен жүзуге аттанған, бірақ саяхат соңында жолдан адасып, елсіз аралда қалып қалған.

Микронезияда жоғалған ер адамдарды австралиялық теңізшілер тапты. Олар құмдағы SOS деп жазылған үлкен жазбаны көріп, көмекке аттанды. Бірінші тамызда Австралиялық теңізшілерден Микронезияның жоғалған тұрғындарын іздеуге көмек сұраған. Үш ер адам көрші аралға бармақшы болып, жолда адасып кеткен. Олар туралы үш күн бойы ешқандай ақпарат болмаған, деп хабарлады Австралияның Қорғаныс министрлігі.

Екінші тамызда Канберра десанттық кемесінің тікұшақтары кішкентай Пикелот аралынан өтіп, құмда жазылған көмек туралы сигнал – SOS жазбасын көрді. Хабар-ошарсыз кеткен микронезиялықтар құтқарылды. Құтқарылған ер адамдар жолдан адасқандарын айтты. Олар шамамен 35 шақырым жүзуі керек болған, бірақ барлық отынды жұмсап қойғандықтан, алғашқы кезіккен жерді пана етуге мәжбүр болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде