{metadescription}
2,5 жастағы баланы өлімші етіп сабаған офицер 19 жылға сотталды

2,5 жастағы баланы өлімші етіп сабаған офицер 19 жылға сотталды

Ташкентте Ұлттық гвардия офицері әйелінің 2,5 жастағы туысқан ұлын өлімші етіп сабаған.

Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлады. Ташкент облысында тұратын баланың шешесі ақша табу үшін Түркияға кеткен. Ұлын үлкен әпкесінің үйіне қалдырған. Әпкесінің күйеуі ішіп алып, әйелін және кішкентай сәбиді үнемі сабап келген екен. Бір күні әйелі күйеуінің соққысынан қашып, тығылған кезде, күйеуі үйіндегі кішкентай сәбиді аяусыз ұрған. Бала соққыдан тілге келмей қайтыс болған.

Офицер күйеуі әйеліне баланы тепкішектен құлап қайтыс болды деп түсіндір деген. Бірақ жергілікті дәрігерлер баланың құлап қаза тапқанына күмән келтірген. Осыдан кейін сәбидің әжесі құқық қорғау органдарына шағымданған. Сот медициналық сараптама сәбидің соққыдан қайтыс болғаны жөнінде анықтама берген. Осыдан кейін бірден қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілген. Жәбірлеуші 19 жылға сотталды.

Дереккөз: centralasian.org  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде