{metadescription}
Денсаулық вице-министрі коронавирустың екінші толқыны туралы айтты

Денсаулық вице-министрі коронавирустың екінші толқыны туралы айтты

Ауруханаларда қосымша төсек орындарды жасақтау жоспарланған.

Жансақтау бөлімдерін кеңейту шаралары да қарастырылғаны айтылды. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың екінші толқынына арналған болжамды әзірлеп жатыр. Вице-министр Людмила Бюрабекованың айтуынша, шілде айында алдын ала есептеу жүргізіліп, коронавирустың таралуына қатысты болжам әзірленген болатын. Оған сәйкес, ауруханаларда қосымша төсек орындарды жасақтау жоспарланған. Жансақтау бөлімдерін кеңейту шаралары да қарастырылған. 

Бастапқы болжамда коронавирусқа шалдыққан науқастар ғана есепке алынды. Ал 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус пен пневмонияның статистикасы біріктірілді. Осыған байланысты болжамды қайта қарау туралы шешім қабылданып отыр. 

"Демек, бізге бәрін қайта есептеп шығу керек. Қазір әлем бойынша коранавирустың екінші толқыны туралы айтып жатыр. Күзде болады деп отырмыз. Сол кезде вирустық инфекциялар, тұмау сынды маусымдық аурулар да көбейеді. Осының бәрін болжамда көрсету керек. Жақын арада біз осы құжатты жариялаймыз", - деді Бюрабекова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде