{metadescription}
Қоянды ауылында екі бала суға батып кетті

Қоянды ауылында екі бала суға батып кетті

Елордаға жақын Қоянды ауылында екі бала суға батып кетті.

7 тамызда сағат 13:00 Ақмола облысының ТЖД дағдарыс кезіндегі басқармасына Целиноград ауданының Қоянды ауылындағы көлшікте (котлован, ені 50 м, тереңдігі 2 м) суға шомылмақ болған екі баланың суға батып кеткендігі туралы хабар түсті.

"Куәгерлер баланың біреуінің денесін жағаға алып шықты. Оның аты-жөні анықталып жатыр. Ал, 2012 жылы туған екінші баланың денесін Нұр-Сұлтан жедел құтқару жасағы іздестіруге кірісті. Іздестіру жұмысына Целиноград аудандық ТЖ жасағының 2 қызметкері мен 1 арнайы техникасы, аудандық полиция бөлімінің жеке құрамынан 2 қызметкері мен 1 арнайы техникасы жұмылдырылған", - дейді ведомство өкілі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде