{metadescription}
Қостанай әкімі отставкаға кетуі мүмкін 

Қостанай әкімі отставкаға кетуі мүмкін 

23 шілде күні Қостанай қаласы әкімінің өкімімен тергеудегі Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Финк қызметінен босатылған болатын.

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов отставкаға кетуі мүмкін. Себебі оның орынбасарына қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. Агенттіктің аға тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, қазіргі кезде Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары әкімдіктің бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

"Олар лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, дүкен құрылысына арналған жер учаскесінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгертіп, сәулет-жоспарлау тапсырмасын жасағаны үшін күдікке ілінді", - дейді Биғайдаров.

Ал 23 шілде күні Қостанай қаласы әкімінің өкімімен тергеудегі Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Финк қызметінен босатылған болатын, деп жазады sputniknews.kz.

"Егер оның кінәсі сотта дәлелденсе, онда 10 күнтізбелік күн ішінде қала әкімі отставкаға кетуі тиіс", - деп атап көрсетті Биғайдаров.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде