{metadescription}
Көбейтұзға рұқсатсыз кіріп, ондағы балшықты алмақшы болған ерлі-зайыптылар жазаға тартылады

Көбейтұзға рұқсатсыз кіріп, ондағы балшықты алмақшы болған ерлі-зайыптылар жазаға тартылады

Көбейтұз көліне айналма жолмен кіріп, ондағы балшықты алмақшы болған ерлі-зайыпты ұсталды.

Көбейтұз көлінен тұз бен балшықты өздерімен алып кетпекші болған елордалықтарға әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша іс қозғалыпты. 7 тамызда ерлі-зайыпты көлігімен полиция бекеттерін айналып жетіп, Ерейментау ауданы аумағындағы Көбейтұз көлінен күрекпен лай жинап жүргені әшкере болды.  Олардың ауданға қонаққа келген елорда тұрғындары екені анықталыпты. Ерекше көлді көргісі келген ерлі-зайыптылар бекеттерді айналып, дала жолымен Көбейтұзға жеткен.

58 жастағы азамат пен жарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы "Ортақ су пайдалану ережелерін бұзу", ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша материал жиналып, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді.

Бұған қоса ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабына сәйкес мемлекеттік меншік құқығын бұзған ерлі-зайыптыларға қатысты жиналған материалдар экология департаментіне жіберілген. Өз кезегінде полицейлер карантин ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатынын тағы бір мәрте ескертіп, табиғат ресурстарына ұқыпты қарауды сұрады.

Дереккөз: Polisia.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде