{metadescription}
Тоқаев Үндістан халқына көңіл айтты

Тоқаев Үндістан халқына көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге әуе апатына байланысты көңіл айтты.

"Үндістанның үкіметіне, халқына және премьер-министрі Нарендра Модиге Керала штатында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза болуына байланысты шын жүректен көңіл айтамын", - деп жазды Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында (ағылшын тілінен аударма).

7 тамызда Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатының Кожикоде қаласында Air India Express әуе компаниясының 190 жолаушысы бар ұшағы қонар кезде апатқа ұшырады. Соңғы деректер бойынша, 20 адам қаза тапқан, 140-тан астам адам жарақат алды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде