{metadescription}
Енді көлікті ХҚКО-ға бармай-ақ тіркеуге болады

Енді көлікті ХҚКО-ға бармай-ақ тіркеуге болады

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы автокөлікті тіркеу рәсімі тағы да жетілдіріліп, жеңілдей түсетін болды.

Бұл туралы туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусин facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Апта басында мамандандырылған ХҚКО-ға бардым. Адам өте көп. Әрине, біздің міндетіміз – қызметтің бәрін автоматтандыру. Ішкі істер министрлігіне цифрландыру бойынша жаңадан тағайындалған вице-министр Сәкен Сәрсеновпен бірге процесті жеңілдетуді пысықтаудамыз. Жүргізілген талдау нәтижесі Нұр-Сұлтан қаласында ресімделетін автокөліктің 30%-ті автосалоннан сатып алынатынын көрсетті. Сондықтан автосалондарда мамандандырылған ХҚКО бұрышын ұйымдастыруды ұйғардық. Автокөлікті таңдау, банк операторының несие ресімдеуі, ХҚКО операторының автокөлік кепілдігін ресімдеуі, мемлекеттік нөмір мен техникалық құжатты алу – бәрі бір жерде, автосалонда жасалады", – деді Мусин.

Бүгінде қаладағы бірқатар автосалонда осындай қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейтініне тоқталған ол, өзге автосалондарды өз клиенттеріне осылай қызмет көрсетуге шақырды. Ол үшін азаматтарға арналған үкіметке хабарласу қажет.

"Бізге адамдардың әлеуметтік қашықтықты сақтауына жағдай жасау маңызды. Жүргізушілер үшін тағы бір кішігірім жаңалық. Qamqor арқылы айыппұлдың бар-жоғын тексеру қызметі жұмыс істеуде", – деп толықтырды ол жазбасында.


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.