{metadescription}
Алматыда болған төтенше оқиғаның видеосы тарап кетті - мән-жайы айтылды

Алматыда болған төтенше оқиғаның видеосы тарап кетті - мән-жайы айтылды

Желіде алматылық стадионда түсірілген видео жарияланды.

Куәгерлердің бірі жүргізуші шенеуніктің немесе бизнесменнің ұлы екенін айтып отыр. Желіде Алматыда мас жүргізуші "Спартак" стадионына барып, көлікпен адамдарды баса жазбаған сәттің видеосы қызу талқыланып жатыр. Видео 24news_kz Instagram парақшасында жүктелген. Автор оқиға 8 тамыз күні болғанын жазған. 22 жастағы жігіт көлікпен футбол алаңының қоршауын бұзып, адамдарды қағып кете жаздады, деп жазады sputniknews.kz. Кадр сыртында бала мен ересек адамның даусы естіледі. 

"Бес жасар бала футбол қақпасының торынан шыға алмай, әрең дегенде аман қалған. Зардап шеккендер жоқ. Бастапқыда біз жүргізуші газ бен тежегішті шатастырып алды деп ойлаған едік. Көлік бір тоқтап, бір қозғалды. Жүргізуші терезені ашып: "Дәулет!" деп айқайлады (өзінің інісін іздеп жүрсе керек). Сол кезде ғана адамдар жүргізуші мас екенін түсініп, жан-жаққа қаша бастады. Кейбір адамдар трибунаға шығып кетті", - дейді оқиға куәгері.

Жазбада жүргізушінің туыстары таныстарына хабарласып, жазадан құтылуға көмектесіп жатқаны жазылған.

"Полиция жігітті Медеу аудандық полиция бөлімшесіне алып кетті.  "Порше", "Лексус" көліктерімен кісілер келіп жатты. Киімдерінен тойдан шыққаны көрініп тұр. Куәгерлердің бірі жүргізуші шенеуніктің немесе бизнесменнің ұлы екенін айтып отыр", - дейді автор.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде