{metadescription}
Тоқаев: Абай айт­қан «бес дұшпаннан» толық арылып болған жоқпыз

Тоқаев: Абай айт­қан «бес дұшпаннан» толық арылып болған жоқпыз

Президенттің пікірінше, Абайдың ұлағаты әлі күнге дейін маңызын да, құндылығын да жоғалтқан жоқ.

Абай ілімі бүгінгі бірқатар бағыттарға орайлас келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 тамызда қазақтың ұлы ақы­ны, ойшыл тұл­­ғасы Абай Құнан­­бай­­ұлы­ның ту­ға­нына 175 жыл тол­уына орай Егемен Қазақстан газетіне «Абай – рухани реформатор» атты мақала жариялады.  Президент мақаласында биылғы жыл халықаралық «Абай жылына» айналғанын, әлемнің көптеген елі оның шығармашылығына назар аударғанын атап өткен.

«Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұлы ақынымыздың 175 жылдық мерей­тойы жаһандық деңгейде аталып өтуде. Ақынның баға жетпес мұрасын ұғын­дыру және дәріптеу – азаматтық пары­­зымыз. Өйткені Абай – әлем­дік дең­гей­дегі кемеңгер тұлға. Абай­тану­дың тұ­ғыр­намалық негізі де осы болуға тиіс», - деп жазды Тоқаев.

Оның айтуынша, қазір ақынның еңбектерін халық­ара­лық ғылыми айналымға енгізу үшін нақты және мақсатты жұмыстар қол­ға алынуда. Оның шығарма­ла­ры әлем­нің он тіліне аударылып, бас­паға әзірленді. Бұл кітаптар жүз­ден астам елдің кітапханалары мен мәде­ни орта­лықтарына жіберіледі.

«Бірқа­тар шетел­дік аудармашыларға, Абай­дың шығармашылық мұрасын зерттеу­ші­лер мен насихаттаушыларға менің Жар­лығыммен мемлекеттік награда берілді. Абай рухын ұлықтау шарала­ры жалғасуда. Шетелдегі елшілік­тері­міздің жанынан Абай орталықтары ашыла бастады», - дейді мемлекет басшысы.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде