{metadescription}
Беларустар Лукашенконың жеңісіне сенбейді: адамдар наразылыққа шықты

Беларустар Лукашенконың жеңісіне сенбейді: адамдар наразылыққа шықты

Қарулы күштер Минскіде орындықта отырған жігіт пен қызды ұрып тастаған.

Үйдің терезесінен куәгерлер түсірген бейнежазба Telegram желісіндегі «NEXTA Live» арнасы жарияланды. Жігіт пен қыз метроның жанындағы Молодежная станциясының маңында орындықта отырды. Қарулы күштер оларды жерге жатқызып, таяқтарымен ұра бастады. Қарулылардың көбі "үйде болуыңыз керек еді", "мінекей көріңіз" деп айқайлаған, деп жазады stan.kz

Минскіде және Беларустың басқа да қалаларында жаппай наразылық акциялар республикада өткен президент сайлауына дауыс беру аяқталғаннан кейін басталды. ОСК-ның аралық мәліметтері бойынша Беларустың қазіргі басшысы Александр Лукашенко 81 пайыздан астам дауыс жинады, ал оппозицияның басты үміткері Светлана Тихановская 8 пайыз ғана дауыс жинады. Азаматтар алтыншы мерзімге сайланған және 1994 жылдан бері өзгеріссіз басқарып келе жатқан Лукашенканың жеңісіне сенбейді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде