{metadescription}
42 500 теңгені төлеу ережесіне өзгерістер енгізілді

42 500 теңгені төлеу ережесіне өзгерістер енгізілді

Операторлар электронды әмиянның карантинге байланысты табысын жоғалтқан азаматқа тиесілі екенін анықтауға міндетті.

Қазақстандықтар 42 500 теңге төлемді электронды әмиянға ала алады. Бұл жайында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығында көрсетілген. Әлеуметтік көмек төлеудің бекітілген ережесінде "электронды ақша жүйесінің операторы" ұғымы жазылған. Бұл санатқа тек банктер ғана емес, сонымен қатар ақпаратты жинауды, өңдеуді және жеткізуді қоса алғанда, электронды ақша жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін төлем ұйымдары да кіреді.

Осылайша, шектеу шаралары салдарынан табысынан айырылған қазақстандықтар өздерінің электронды әмиянына 42 500 теңге көлемінде көмек алады. Электронды ақша жүйесінің операторлары қаражат түсетін электронды әмиянның расымен де карантинге байланысты табысын жоғалтқан азаматқа тиесілі екенін анықтауға міндетті, деп жазады sputniknews.kz.

"Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі мәліметтерді алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электронды ақша жүйесінің операторына өтініш берушінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), әмиянның сәйкестендіру кодын, ұялы телефон нөмірін (бар болса), сондай-ақ электрондық ақша жүйесі операторының атауын қамтитын деректерді жібереді", - делінген бұйрық мәтінінде.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде