{metadescription}
Қазақстанда үш баладан Кавасаки синдромы анықталды

Қазақстанда үш баладан Кавасаки синдромы анықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирус инфекциясынан 114 бала ауруханада емделіп жатқанын айтты.

«Наурыз айынан бастап балалардың коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 257 жағдайы тіркелді. Оның ішінде қазіргі кезде Қазақстан ауруханаларында 114 бала жатыр», - деді ресми өкіл Орталық комунникациялар қызметінде.

Белгілі болғандай, үш жеткіншекте Кавасаки синдромы анықталды. Кавасаки синдромы күретамырларға зақым келтіреді.

«Жыл басынан бері жалпы үш жағдай тіркелді, яғни Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Петропавлда», - деді Б. Қожахметов.

Оның айтуынша, ауруға шалдыққан балалардың денсаулығы әртүрлі жағдайда.

«Нұр-Сұлтандағы баланың жағдайы тұрақты. Бұл - өте күрделі, өте сирек кездесетін ауру. Сондықтан оған ерекше күтім қажет» - дейді Бағдат Қожахметов

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде