{metadescription}
Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге жуық төмендеді

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге жуық төмендеді

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Мемлекет басшысының қолдауы мен түсіністік танытуының арқасында біз ауруды статистикалық есепке алуға көштік. Қазақстан клиникалық-эпидемиологиялық мәліметтер негізінде зертханалық нақтылаусыз коронавирус инфекциясы жағдайларын тіркеуді алғашқылардың бірі болып қолға алды. Бұл ең бірінші кезекте ел халқының індет ауқымын түсіну үшін қажет болды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, статистикаға жаңа әдіс енгізу төсек-орын қорын айтарлық кеңейту есебінен стационарлық ем алатын пациенттер санын барынша ұлғайтуға мүмкіндік берді.

«Бұл жүздеген өмірді сақтап қалды. Өйткені, адам өмірін сақтап қалу үшін қажетті дем алуды жасанды қолдау тек стационарлық жағдайда ғана көрсетіледі», - деді ол.

Министр дерегінше, коронавирус індетіне байланысты жедел жәрдем шақыру 62 пайызға төмендеген.

«Қабылданған шаралардың арқасында денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің негізгі көрсеткіштерін төмендетуге қол жеткізілді. Елімізде орташа есеппен аурудың тәуліктің өсімі 2 есеге жуық төмендеп, емделіп шыққандар саны 73,6 пайызға артты», - деді Алексей Цой.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде