{metadescription}
Коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаның ресми атауы жарияланды

Коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаның ресми атауы жарияланды

Жаңа вакцина әлемдік қауымдастық үшін "Спутник" сияқты әсер еткендіктен, оған "Спутник V" атауы берілді.

1957 жылы алғаш ұшырылған жасанды Жер серігіне ұқсастығына байланысты коронавирусқа қарсы тіркелген әлемдегі алғашқы вакцина "Спутник V" деп аталды. "Спутник-1" әлем бойынша ғарыштық зерттеу белсенділігін арттырды. Ресейлік COVID-19 вирусына қарсы жаңа вакцина да әлемдік қауымдастық үшін "Спутник" сияқты әсер етті. Сондықтан да осындай салыстыру вакцинаға "Спутник V" атауын берді, делінген вакцина атауына қатысты таратылған хабарламада.

Вакцинаны тіркеу 11 тамызда өтті. Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, оның қыздарының бірі жаңа вакцинаның әсерін бастан өткерген. Коронавирусқа қарсы вакцина Гамалея атындағы орталықта жасалды. 18 маусымда басталған оның клиникалық сынақтары екі айдан аз уақытқа созылды. COVID-19-ге қарсы алғашқы вакцинаны 38 ерікті өзіне салдырып, сынап көрді. Экспериментке қатысушыларға жүргізілген зерттеу нәтижелері иммунитеттің дамығанын көрсеткен.

Алайда, вакцинаны жасаушылар бұл барлық адамдарға жарай бермейтінін ескертеді. Өйткені, созылмалы аурулары бар адамдарда бұл кері әсерін тигізуі мүмкін. Ресейде халықты жаппай вакцинациялау қазан айында басталады деп жоспарланып отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде