{metadescription}
Нұр-Сұлтанда крематорий салынады

Нұр-Сұлтанда крематорий салынады

Крематорийді 2022 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ал нысан құрылысына 1,5 миллиард теңге бөлінеді.Нұр-Сұлтанда 3,6 миллион долларға зираты бар крематорий салынады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы "Ашық бюджеттер" порталында хабарланды.

Зираты бар крематорий құрылысы биыл басталады. Ал нысан 2022 жылы пайдалануға беріледі. Жобаны жүзеге асыру Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасы мен ведомство басшысы Сәкен Сәрсенғалиевқа жүктелді.

"Құрылысқа жергілікті және республикалық бюджеттен 1 миллиард 519 миллион 285 мың теңге немесе 3,6 миллион доллар бөлінеді. Жобаның мақсаты – дәстүрлі жерлеу орындары бар зираттардың аумағын азайту", - делінген хабарламада.

Жоба 5 тамызда жарияланды, көпшілік талқылауы 19 тамызда аяқталады. 11 тамыздағы жағдай бойынша ешкім жобаны қолдап немесе қарсы екенін айтып  дауыс берген жоқ.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде