{metadescription}
Қазақстанда сенат сайлауы өтіп жатыр

Қазақстанда сенат сайлауы өтіп жатыр

Қорытынды бюллетеньге 46 үміткердің есімі енгізілді.

Бүгін 17 аймақтан бір депутаттан сайланатын болады. Қазақстанда парлементтің жоғарғы палатасы - сенат депуттарын сайлау өтіп жатыр. Қорытынды бюллетеньге 46 үміткердің есімі енгізілді. Бүгін 17 аймақтан бір депутаттан сайланады. Өйткені осы жылдың қазан айында 2014 жылы сайланған 17 сенатордың өкілеттік мерзімі аяқталады.

Сенат сайлауы

Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 13 маусымда басталған болатын. Осы науқан жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де сайлауға бір ай қалғанда, яғни, 2020 жылы 12 шілде күні аяқталады.

Барлық құжатты алғаннан кейін сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу басталады. Ал 23 шілде күні сағат 18:00-де аяқталады.

Сайлауалды үгіт-насихат тіркеуден кейін басталып, 11 тамызда түнгі сағат 00:00-де аяқталады.

Орталық сайлау комиссиясы жеті күннің ішінде сайлаудың нәтижесін жариялайды.

Сайлау бюджеті

Орталық сайлау комиссиясы өз қаулысымен парламент сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарын 450 000 теңге көлемінде белгіледі.

теледидар мен радиодан сөз сөйлеуге, сондай-ақ, мерзімді басылымдарда 2 мақала жариялауға  - 300 000 теңге;

сайлауалды көпшілік іс-шараларын өткізуге және үгіт-насихат материалдарын шығаруға  - 70 000 теңге;

көлік шығындары  - 80 000 теңге.

Ал кандидаттың сайлау қоры 8 500 000 теңгеден аспауы шарт. Қазақстан азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтары 21 250 000 теңге көлемінде бекітілді.

Белгіленген мөлшерден тыс түскен ақшалай қаражат сайлау қорына есептелуге жатпайды және оларды енгізген азаматтар мен ұйымдарға қайтарылады. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгізген азаматтар мен ұйымдардың есебінен жабылады. Жасырын қайырмалдықтар республикалық бюджет кірісіне айналады. Сайлау қорларына тек заңды жолмен алынған қаражат қана жіберілуі тиіс.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.