{metadescription}
Алматыда төтенше оқиға салдарынан екі адам мерт болды

Алматыда төтенше оқиға салдарынан екі адам мерт болды

Оқиға Түрксіб ауданында болған.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті себебін анықтап жатыр. Алматыда жер үйде екі адам тірідей өртеніп кетті. Куәгерлердің айтуынша, Түрксіб ауданы Волочаев көшесіндегі 399-шы үйде өрт болған. Баспана толықтай өртенді. Шамамен 100 шаршы метр аумақ отқа оранды. 

Төтенше оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды. Олардың аты-жөні анықталып жатыр. Оқиға орнына түрлі қызметтер жетті. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрттің себебін анықтайтын болады.

Дереккөз: sputniknews.kz



 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.