{metadescription}
Әкім қызметтен кететінін мәлімдеді

Әкім қызметтен кететінін мәлімдеді

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов қазіргі қызметіне осыдан тура бес жыл бұрын тағайындалған болатын.

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов бірнеше күннен кейін қызметтен кететінін мәлімдеді.

"Біз – мемлекеттік қызметкерміз. Мен осы қалада бес жыл жұмыс істеп шықтым. Енді, ротация деген түсінік бар. Осы қызметте екі күндей жұмыс істейтін. Одан кейін Қарағандыға облыстық басқармаға басшы болып ауысамын", – деді Әшімов Instagram парақшасында арқылы өткен тікелей эфирде.

Ғалым Әшімев қаланың жаңа басшысын біледі. Бірақ аты-жөнін айтқан жоқ. 

"Басқа қаладағы әріптесім келеді. Білікті маман, шаруашылыққа да мықты ", – деп атап өтті Әшімов.

Айта кетейік, Теміртаудың қазіргі әкімі осы қызметке 2015 жылы тамыз айында тағайындалған болатын. 

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.