{metadescription}
Қазақстан коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны сатып ала ма

Қазақстан коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны сатып ала ма

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны сатып алу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

«Вакцина сатып алу жайында айтуға әлі ерте. Қазіргі сәтте біз вакцина сатып алу бойыша бірде-бір келісімшартқа қол қойған жоқпыз. Себебі препараттар клиникалық сынақтың үшінші фазасынан өтіп жатыр», - деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, вакцинаны сатып алу үшін ол халықаралық сертифтикаттаудан өтуі тиіс.

«Сондықтан да бұл мәселеге қатысты ешқандай шешім жоқ», - деді Бағат Қожахметов.

Айта кетейік, осыған дейін Ресей COVID-19-ға қарсы вакцина жасағанын айтқан еді. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин мәлімдеген болатын.
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде