{metadescription}
Карантинде жатқан ер адам 4-қабаттан секіріп, қайтыс болды

Карантинде жатқан ер адам 4-қабаттан секіріп, қайтыс болды

10 тамызда 31 жастағы Сұрхандария тумасы Ташкенттегі "Саёхат" қонақ үйінде жатқан жерінен төртінші қабаттан секіріп, қайтыс болған.

Бас прокуратура мәліметінше, ер азамат 4 тамызда Ресейдің Қазан қаласынан Ташкентке ұшып келіп, бірден карантинге жатқызылған. 7 тамызда одан COVID-19 вирусы бар, жоғын тексеру үшін сынама алған. Нәтижесінде вирус анықталмаған.

Марқұмның туыстары соңғы кезде онда психикалық өзгерістер байқалып жүрді дейді. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Биыл маусым айында Ташкент түбіндегі "Уртасарай" орталығында карантинде жатқан 42 жастағы ер адам да өзіне қол жұмсаған.

Дереккөз: centralasian.org  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде