{metadescription}
Таеквондодан әлем чемпионаты өтпейтін болды

Таеквондодан әлем чемпионаты өтпейтін болды

Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының атқарушы комитеті коронавирус пандемиясына байланысты жастар арасындағы әлем чемпионатының өтпейтінін мәлімдеді.

ҚР ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының атқарушы комитетінің видеоконференциясы өтіп, онда атқарушы комитет мүшелері спортшылардың денсаулығын, қауіпсіздігін бірінші орынға қоя отырып, чемпионатты өткізбеу туралы шешім қабылдағанын жариялады.

Биылғы әлем чемпионаты Болгарияның София қаласында 14-18 қазан күндеріне жоспарланған еді. Десе де София 2022 жылғы әлем біріншілігін қабылдайды.

Дереккөз: zakon.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде