{metadescription}
Пойыз өртеніп, үш адам қаза тапты

Пойыз өртеніп, үш адам қаза тапты

Сәрсенбі күні Шотландиядағы Абердиншир округінде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, үш адам мерт болды.

Қаза тапқандардың бірі - пойыз машинисі. Алты адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Сәрсенбі күні таңертең Ұлыбритания көлік полициясы жергілікті уақыт бойынша сағат 09:43 қаланың Стоунхейвен ауданында пойыздың рельстен шығып кеткендігі туралы деректер түскендігін мәлім еткен.

Ал Би-би-си соло жерде аспанға қою түтіннің көтерілгенін, өрт болып жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына оншақты полиция машинасы, өрт сөндіру бөлімшелері және жедел жәрдем көліктері, сондай-ақ құтқару тікұшағы келіп жеткен.

Press Association дереккөзінің мәліметтеріне қарағанда, келеңсіз жағдайға Шотландияның солтүстігінде толассыз жауған жауын салдарынан болған көшкін себеп. Локомотив және төрт вагон рельстен шығып кетіп, аударылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде