{metadescription}
БҚО полиция бастығының ұлы автокөлікті жүргізуші куәлігінсіз айдаған

БҚО полиция бастығының ұлы автокөлікті жүргізуші куәлігінсіз айдаған

Батыс Қазақстан облысы полиция бастығының ұлы автокөлікті жүргізуші куәлігінсіз айдаған. 

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Полицияның хабарлауынша, әлеуметтік желілерді бақылау барысында кәмелетке толмаған бала рульде отырып, өзін түсіріп, Instagram-да видео жариялағаны анықталған. Полицейлер тексеріс жүргізді. Видеодағы әрекеттер Ақтау мен Оралда болғаны анықталды.

"Көлікті кәмелетке толмаған адам басқарған. Аталған факті бойынша кәмелетке толмаған баланың анасы 1967 жылы туған А.Г. есімді азамтшаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ол Ақтауда ӘҚБтК - нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша "кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы", ал Оралда ӘҚБтК-нің 128-бабы "кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту" бойынша жауапкершілікке тартылды", - делінген полиция хабарламасында.

Полицияның баспасөз қызметі А.Г. - БҚО полиция департаменті бастығының  Мақсұтхан Аблазимовтың бұрынғы әйелі, ал кәмелетке толмаған құқық бұзушы оның осы некедегі баласы екенін мәлімдеді.

"Ол 10 жылдан астам уақыт бойы ұлын жалғыз тәрбиелеп келеді және қазіргі уақытта жасөспірімде өтпелі кезеңнің қиындықтары бар. Ол өзінің қателігі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл жағдайда полиция бастығы Аблазимовтың ешқандай қатысы жоқ", - деді БҚО полиция департаментінде.

Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың көлік құралын басқаруы құқық бұзушылық болып табылатынын және жасөспірімдердің заңды өкілдері жауапқа тартылатынын еске салды. Мақсұтхан Аблазимов БҚО полиция департаментін 2016 жылдың тамыз айыннан бастап басқарады.

Дереккөз: stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде