{metadescription}
24 жастағы ақтөбелік тұрғын жарты сағат ішінде үш қылмыс жасаған

24 жастағы ақтөбелік тұрғын жарты сағат ішінде үш қылмыс жасаған

24 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны жарты сағат ішінде үш қарақшылық шабуыл жасады.

«6 тамызда, түстен кейін Әйтеке би көшесінде Ақтөбе қаласының тұрғыны 35 жастағы ақтөбеліктің бір қорап шылымын ұрлап кетті. Сосын дүкеннің жанында жүріп 52 жастағы ақтөбелікке тиесілі iPhone 8 смартфонын зорлықпен тартып алды. Зиян 200 мың теңгеден асты», - деп хабарлады полиция департаменті баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, полицияның хабарлауынша, күдікті зейнеткерден алтын сырғаларын тартып алуға тырысқан, бірақ бұл әрекеті сәтсіз аяқталды.15 минуттан кейін ол дәл сол көшедегі кафе кассасынан ақшаны ашық ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 13 мың теңгені құрады. Полиция күдіктіні кафеде ұстады.

«Тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде