{metadescription}
Қостанайда жас қызға анайы ұсыныс жасаған ер адам іздестіріліп жатыр

Қостанайда жас қызға анайы ұсыныс жасаған ер адам іздестіріліп жатыр

Қостанайлық ерлі-зайыпты бейтаныс ер адамның қызға жақындап барып, онымен сөйлесіп тұрғанын байқаған.

Қостанайда полиция жас қызға тиіскен белгісіз ер адамды іздеп жатыр. Қала тұрғындары WhatsApp арқылы күдіктінің фотосын таратып, сақ болуды сұрады. Басылымның хабарлауынша, қостанайлық ерлі-зайыпты бейтаныс ер адамның қызға жақындап барып, онымен сөйлесіп тұрғанын байқаған.   

"Оқиға қаланың дәл орталығында болды. Шамамен 13 жастағы қызбен сөйлескен ер адамды байқап қалдық. Сырт көзге әдеттегі жағдай сияқты көрінді, алайда әйелім бұл жерде шикілік бар екенін байқады. Жанына жақын барып тоқтадық, ер адамның қызға сұлу екенін айтып, өзін сүюін сұрағанын естідік. Мен бірден қыздың жанына барып, ер адам жайлы сұрадым. Қыз оны танымайтынын айтты. Сосын оны бірден қуып жібердім, - дейді оқиға куәгері болған ер адам.

Қостанай облысының полиция департаменті қазіргі уақытта барлық жеке құрам осы ер адамды іздестіріп жатқанын хабарлады.

"Полиция бұл адамды тауып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін шаралар қабылдап жатыр. Бағдар полиция жасағына жіберілді", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғаушылар облыс орталығының тұрғындарынан осындай оқиғаның куәгері болып жатса, бірден 102 нөміріне хабарласуын сұрады. 

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде