{metadescription}
Талғарда тапа-тал түсте ерлі-зайыптылар дүкенді тонап кеткен

Талғарда тапа-тал түсте ерлі-зайыптылар дүкенді тонап кеткен

Талғар ауданының полицейлері тапа-тал түсте дүкен тонаған ерлі-зайыптыларды ұстады.

Оқиға 12 тамыз күні аудан орталығы Талғар қаласында орын алған. Азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар алдын ала сөз байланысу арқылы үйлеріне жақын маңдағы дүкеннен дүкен сатушыларын қорқыту арқылы азық-түлік алып, оқиға орнынан із суытқан. Полицейлерге қоңырау шалғандықтан, тәртіп сақшылары шұғыл жетіп, қылмысқа қатысы бар адамдарды жылдам анықтады.

«Азаматтық некеде тұрып жатқандардың өзара келісуімен қылмыстың орын алғаны анықталды. Аталған дерекке сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 32 жастағы күдікті аудандық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деді Талғар ауданы Полиция басқармасының бастығы Ерлан Қасым.

Тергеу барысында күдікті азаматтың бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Ол дүкен сатушыларына бұрын сотты болғанын және ештеңеден тайынбайтынын айтып, қорқытқаны белгілі болды.

Дереккөз: Polisia.kz
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде