{metadescription}
Алматыда 91.7 FM жиілігінде жаңа радиостанция «Эльдорадио» пайда болды

Алматыда 91.7 FM жиілігінде жаңа радиостанция «Эльдорадио» пайда болды

Жақында Алматыда еуропалық ірі медиахолдингтің (EMG) радиостанциясы жұмысын бастайды.

Бұл біздің елімізге ғана емес, сонымен қатар питерлік «Эльдорадио» үшін де маңызды оқиға, өйткені бұл «Эльдорадионың» франшиза ұсынудағы алғашқы тәжірибесі. Радиостанцияның жетістік шежіресі ширек ғасырдан астам жалғасып келеді!

Әрине, жаңа станцияның негізі – музыка! Фонотекадағы әрбір трек уақыт сынынан өткен.- Тыңдаушы Эрос Рамаззотти, Роллинг Стоунз, Рианна, Майкл Джексон, Адель, Сэм Смитпен, Робби Уильямс және Стингпен кездесіп, тамсанады. Біздің аудитория 25 - 45 жастағыларға арналған. «Элдорадио» Easy Listening форматын қолданады - бұл жаймашуақ, жеңіл дыбысты  станциялар. Дегенмен музыкалық мазмұны әр түрлі болмақ, тек қана лирика мен романтика болады десеңіз, қателесесіз. Ширақ, тұшымды және іш пыстырмайды. 91,7 жиіліктегі «Элдорадионы» өте «дәмді» музыкасы бар станция деп атауға болады.

Жаңа радиостанцияны іске қосу үшін біз мықты шығармашылық топты жинай алдық! Музыкалық жүргізушілердің негізгі құрамы - жұлдызды дауыстар. Біздің радио тыңдарманымызға Александр Кириченко, Алевтина Мадьярова, Светлана Булатова, Серік Ақышев, Вадим Сметаниннің есімдері жақсы таныс. Біз талғамы бар тыңдаушыларымызды талабына сай бірнеше ірі өнім ұсынамыз. 91.7 толқынында танымал қазақстандық орындаушыларды да тыңдауға болады. Еліміздің талантты музыканттарымен ынтымақтастыққа әрқашан дайын екенімізді атап өткім келеді.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.