{metadescription}
Ауруханада жатқан ресейлік әнші қайтыс болды

Ауруханада жатқан ресейлік әнші қайтыс болды

Бірнеше күннен бері ауруханада комада жатқан ресейлік әнші Валентина Легкоступова қайтыс болды.

"Бүгін сағат 15:30-да үлгілі қыз, әлемдегі ең керемет ана және әже бола білген адамнан айырылып қалдық...", - деп жазды Анетта Бриль Instagram-да.

Айта кетсек, 11 тамызда Валентина Легкоступова өз пәтерінен басы жарылған күйде табылды. Ол ауруханаға жеткізілді, әнші бірнеше күн бойы комада жатты. Кейбір деректерге сүйенсек, оның күйеуі Юрий Фирсов Валентинамен пәтерде бірге болған, бірақ кейін қашып кетіпті. Әншінің денесінде көгерген іздер болған.

Легкоступова 1985 жылы сахнаға аяқ басып, Сеня Сон жетекшілік еткен топтың құрамында өнер көрсете бастайды. 2014 жылы Легкоступова Испаниядағы Тенерифе аралына көшіп кетеді. 2018 жылы Феодосия қаласына оралып, қалалық мәдениет бөліміне басшылық еткен.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.