{metadescription}
Алматыда сұранысқа ие бес тауардың бағасы төмендеді

Алматыда сұранысқа ие бес тауардың бағасы төмендеді

Тамыз айының басынан бастап жүргізілген жедел шаралардың арқасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарындағы бес тауардың бағасы арзандады.

Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова азық-түлік бағасын төмендету шаралары туралы айтып берді, деп жазады sputniknews.kz.

Бес тауардың бағасы төмендеді 

"Ең алдымен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесінің Алматы қаласы әкімдігінің ерекше бақылауында тұрғанын атап өткім келеді. Бағаларды ұстап тұру үшін кешенді шаралар қабылданады", - деді Әбдіжаббарова онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, аудандық әкімдіктерімен бірлесіп, апта сайын негізгі 29 сауда нысанында (сауда желілері, базарлар, Алтын Орда) әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасына мониторинг жасалып, түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Ал бағаны негізсіз өсіру анықталса, басқа тауар жеткізушілердің қызметі ұсынылады.

Осылайша, тамыз айының басынан бастап жүргізілген жедел шаралардың арқасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарындағы 5 тауардың бағасы төмендетілді. Олар -  күріш ("Сары-Арқа", "Көк Базар", "Арыстан"), картоп ("Көк базар", "Тоймарт", "Carefood"), пияз ("Сары-Арқа", "Көк базар"), қант ("Саудакент", "Жаңа Ақбұлақ") және қарақұмық жармасы ("Көк базар", "Алматы-1"). 

Карантинде атқарылған шаралар

Қала әкімдігі карантин кезінде бақылау шараларын жүргізіп, бірқатар тауар бойынша бағаны тұрақтандыруға күш салды.

сәуірде азық-түліктің 9 атауы бойынша баға төмендетілді. Олар: ұн, қарақұмық жармасы, құс еті, сүт, айран, ірімшік, жұмыртқа, қырыққабат пен тұз өнімдері;

мамырда 6 түрі: сиыр еті, құс еті, сүт, айран, қырыққабат пен тұз өнімдері;

маусымда азық-түліктің 10 түрі: күріш, қарақұмық жармасы, сиыр еті, айран, ірімшік, жұмыртқа, картоп, пияз, сәбіз бен қант өнімдері;

шілде айында 7 түрі: сүт, айран, ірімшік, жұмыртқа, картоп, сәбіз, пияз бен қант өнімдері;

тамыз айының басынан бері азық-түліктің 6 түрі: күріш, сүт, айран, картоп, сәбіз бен пияз бойынша бағалар төмендетілді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде