{metadescription}
Павлодарда көлік апатынан 9 адам зардап шекті

Павлодарда көлік апатынан 9 адам зардап шекті

Павлодар қаласында «ГАЗель» жүргізушісі жеңіл көлікке соғылып, 9 адам зардап шекті.

Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«14 қыркүйек күні сағат шамамен 16.55-те Торговая, 5/5 көшесіндегі сауда үйінің маңында «ГАЗель»-дің 47 жастағы жүргізушісі көлік руліне ие бола алмай қалып, «Ауди А6» автомашинасымен соқтығысты. Жол апаты салдарынан 9 адам дәрігер көмегіне жүгінді», - деп мәлім етті облыстық Полиция департаментінен.

Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды. Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, автокөлік айып тұрағына қойылды. Осы уақытта дәрігерлердің мәліметі бойынша оқиға орнына төрт жедел жәрдем бригадасы көмекке барған.

«1973 және 1983 жылы туған екі ер адам және бес әйел ауруханаға жатқызылды. Олардың барлығы жабық краниоцеребральды жарақаттар, ми шайқалуы және дененің көгеруі, т.б. жарақаттар алды. Сондай-ақ 2014 және 2004 жылы туған екі бала жабық бассүйек-ми жарақатымен Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде