Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Енді ескертпей фонограммамен ән айтқан әншілер заңмен жазаланады
Фонограммаларды пайдалану тәртібі заңға тәуелді актіде айқындалатын болады.
12:12 16.09.2020
Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты. Бүгін Мәжілісте «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Осы заң жобасында
«Концерт, ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде туындайтын бірқатар проблемалар бар. Орындаушылар тарапынан концерттер өткізу кезінде әдепсіз мінез-құлық көрсету, сахнада мас күйінде өнер көрсету үрдіс орын алып отыр. Сондай-ақ жоспарланған концерттерді бұзу, әдепсіз сөздері бар репертуар таңдау, көрермендерді хабардар етпей фонограмманы пайдалану фактілер болды», - дейді Ақтоты Райымқұлова.
Оның айтуынша, осы орайда заң жобасы аясында орындаушылардың осындай мінез-құлық көрсетуіне жол бермеу үшін бірқатар міндеттемелерді енгізу арқылы бұл мәселелерді реттеуге тырысқан.
«Олардың ішінде маңызды нормалардың бірі - музыкалық шығармаларды орындаушылардың фонограммаларды қолдануы туралы көрерменді хабарлау. Фонограммаларды пайдалану тәртібін заңға тәуелді актіде айқындалатын болады. Барлық жарнамалық өнімдерде және кассалар жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарлама беріледі. Бұл көрерменге фонограмманы пайдаланумен өтетін концертке билет сатып алу немесе одан бас тарту таңдауына мүмкіндік береді және билеттің құнына да әсер етеді», - деді министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram