{metadescription}
Қазақстанда 25 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды

Қазақстанда 25 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі 25 жоғары оқу орнының 60 лицензиясын қайтарып алды.

"Мемлекет басшысының жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында білім және ғылым министрлігі тиісті шараларды қабылдап жатыр. Министрліктің білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 25 жоғары оқу орнының кадрларды дайындау бағыттары бойынша лицензияларға 60 қосымшасын қайтарып алды", - деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

Оның басым бөлігі комитет тексеріс жүргізгеннен кейін қайтарылды. Министрліктің хабарлауынша, лицензиясы қайтарылған жоғары оқу орындары "педагогикалық ғылымдар", "өнер", "гуманитарлық ғылымдар", "жаратылыстану ғылымдары", "техника ғылымдары", "қызмет көрсету" және "әлеуметтік жұмыс", "әлеуметтік ғылымдар" бағыты бойынша мамандар даярлайды.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ЖОО-лардың нормативтік құқықтық актілерді сақтамағаны анықталды. Олқылықтарға негізінен талапкерлерді қабылдау, профессор-оқытушылар құрамның (ПОҚ) біліктілігін арттыру, профессор-оқытушылар құрамын конкурс арқылы алмастыру, профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау, білім алушыларды қорытынды аттестаттау, диплом бланкілерін есепке алу және т.б. бойынша жол берілгені айтылады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде