{metadescription}
Жамбыл облысында 7 жасар бала жоғалып кетті

Жамбыл облысында 7 жасар бала жоғалып кетті

Жамбыл облысында тікұшақтардың көмегімен 7 жасар бала іздестіріліп жатыр.

2013 жылғы бала Мойынқұм ауданы Көшаман ауылында тұрады. Ол 15 қыркүйекте жоғалып кеткен. Шамамен сағат 15.00-де бала үйден атпен шыққан. Оны соңғы рет сағат 18.00 шамасында Көшаманнан 30 шақырым жерде орналасқан Жасұлан ауылының маңында көрген.

Қазір іздеуге 200-ден аса полиция қызметкері, құтқарушылар, кинологтар, жергілікті тұрғындар арасынан еріктілер атсалысып жатыр. Іздестіру шараларына Қазақстан ТЖМ "Қазавиақұтқару" "Еврокоптер" тікұшағы жұмылды.

Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, баланы жоғалып кеткен күні сағат кешкі алты шамасында жергілікті тұрғындар Күшаман ауылынан 30 шақырым жердегі Жасұлан ауылының маңынан көрген. Баланың ерекше белгілері: арық, бойы 120 см, қара шашты. Үстіне сұр футболка киген, қызыл баскиімі бар, шолақ шалбар мен қара түсті спорттық аяқкиім киген.

Жамбыл облысының полиция департаменті жоғалған бала туралы ақпарат беру үшін 8 (7262) 2-49-02, 99-73-39, 8-775-376-66-93 телефондары және "102" нөміріне хабарласуды сұрады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде