{metadescription}
Жолаушылар кемесі аударылып, бірнеше адам қаза тапты

Жолаушылар кемесі аударылып, бірнеше адам қаза тапты

Үндістанның солтүстік-батысында Раджастхан штатындағы Чамбал өзенінде сәрсенбі күні таңертең жолаушылар мінген кеме аударылды, деп хабарлайды NDTV телеарнасын.

Олардың мәліметі бойынша, оқиға Кота аймағында болған. Салдарынан жеті адам суға батып, тағы 14-і із-түзсіз жоғалып кеткен. Кемеде шамамен 25-30 адам болған.

Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жүріп жатыр, құтқарушылар бірнеше адамды аман алып қалды. Болжам бойынша, оқиғаға өзенде толқынның күрт көтеріліп кетуі себеп болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде