{metadescription}
Ерлан Қиясов Қазақстанның бас санитар дәрігері болып тағайындалды

Ерлан Қиясов Қазақстанның бас санитар дәрігері болып тағайындалды

Ерлан Қиясов денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер болып тағайындалды.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы "Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы"қарқынды терапия бөлімшесінің санитары болып бастады.

1997-1999 жж. - Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы.

1999 жылдан 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында - санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, "санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде