{metadescription}
Синоптиктер бүгінгі ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер бүгінгі ауа райы қандай болатынын айтты

Қазгидромет 18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялайды.

Қазақстанның басым бөліндегі ауа райына Кар теңізі аймағынан келетін циклон ықпал етеді. Кей жерлерде жаңбыр жауады, шығыс және оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман сақталады, оңтүстік-батыста желдің күшеюі шаңды дауылмен күтіледі.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с сақталады, екпіні 25 м/с, кей жерлерде найзағай күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с сақталады, түнде және таңертен екпіні 23 м/с, түнде және таңертен тұман күтіледі, кей жерлерле бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды облысында кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с сақталады, түнде екпіні 23 м/с, кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман сақталады, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Манғыстау, түнде Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с және шаңды дауыл сақталады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-22 м/с күшейеді. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Дереккөз: Қазгидромет

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде