{metadescription}
Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз жоғалған 600 жауынгер табылды

Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз жоғалған 600 жауынгер табылды

Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз жоғалған 600 жауынгер табылды.

Бұл туралы «Atamnyn amanaty» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев айтты.

«Қазақстан жерінен соғысқа 1,5 миллионннан астам жауынгер мен офицер майданға аттанса, соның 271 мыңы із-түзсіз жоғалғандар санатына жатады. Кез келген жауынгер үшін көмусіз қалу және із-түзсіз жоғалғандар тізіміне ену үлкен қасірет саналатын шығар. Сондықтан да біздің бірлестік осы есімдерді ұрпақтарының жадына оралту мақсатында құрылған еді», - деді ол онлайн баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, ол үшін арнаулы сайт құрылған және оған соғысқа аттанып із-түзсіз жоғалған жақындарын іздеген кез келген адам жүгіне алады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Биыл 3 мыңнан астам өтінім түскен еді. Оның ішінде 600 өтінімді орындап, ұрпақтарына 600 жауынгердің есімін қайтара алдық», - деді Мұрат Молдағалиев.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.