{metadescription}
Атырауда полиция командирі қоластындағыларды қорқытып, ақша алып отырған

Атырауда полиция командирі қоластындағыларды қорқытып, ақша алып отырған

Атырауда патруль полициясының рота командирі қарамағындағы қызметкерлерді қорқытып, олардан ақша алып отырған.

Оған қатысты тергеудің жүріп жатқанын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлім еттію

«Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлықтың жолын кесті. Нақтырақ айтқанда, Атырау облысы полиция департаменті патруль полициясының рота командирі қарамағындағы қызметкерлерді қорқытып, қызмет бойынша қамқорлығы үшін 5 000-нан 70 000 теңгеге дейінгі мөлшерде жүйелі негізде пара алу фактісі (10-нан аса факт) бойынша қылмыстық істі тергеуде», - деді Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында. Сот оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдаған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.