{metadescription}
Қапшағайда жол жөндеуге бөлінген 14 млн теңге жымқырылған

Қапшағайда жол жөндеуге бөлінген 14 млн теңге жымқырылған

Қапшағай шенеуніктері жолдарды жөндеуге бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді. Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте "Қапшағай автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің" лауазымды тұлғаларына қатысты ақша жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталды. Шенеуніктер орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып, ЖШС шотына ақша аударған, бірақ іс жүзінде жөндеу аяқталмағаны хабарланды. Бұл Заречныйда болды.

"ЖШС-мен жасалған шарт бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыс көлемі үшін орындалған жұмыстар актісіне қол қою және ақшалай қаражатты аудару жолымен қаражат жымқыру күдігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы істің салдарынан мемлекетке 14 миллион теңгеден аса ірі мөлшерде залал келді", - деді Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Қазіргі уақытта осы іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.