{metadescription}
Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

19 қыркүйек күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Ақтауда 19 қыркүйек күні күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысында 19 қыркүйек күні күндіз оңтүстіктен жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с болады. Ақтөбеде күндіз 19 қыркүйек күні оңтүстіктен жел соғып, екпіні 17 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік, оңтүстік шығыстан соғатын желдің жылдамдығыкей жерлерде 15-20 метр болады.

Оралда осы күні найзағай ойнап, оңтүстіктен, оңтүстік шығыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде