{metadescription}
Оралда өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші мерт болды

Оралда өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші мерт болды

Оқиға кеше кешкісін қаладан шыға берістегі Свистун гора ауданында болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің нақтылауынша, оқиға Орал-Атырау жолының 10-шақырымында болған. Қалаға қарасты Круглоозерный өрт сөндіру бөлімшесінің резервтегі автокөлігі Деркөл ауылына бара жатқан.

Жүргізуші жалғыз болған. Аударылу себептері әзірге белгісіз. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.