{metadescription}
Ақмола облысында 26 жастағы жігіт әжесін пышақтап өлтірді

Ақмола облысында 26 жастағы жігіт әжесін пышақтап өлтірді

Ақмола облысында шизофрениямен ауыратын 26 жастағы ер адам әжесін өлтірген.

Ведомствоның мәліметінше, 17 қыркүйекте Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне 29 жастағы ер адам хабарласып, көрші пәтерде 75 жастағы қарияның мәйіті жатқанын айтқан.

«Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қарияның желке тұсына салынған пышақ жарақатынан қайтыс болғанын анықтады. Осы қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушінің 26 жастағы немересі ұсталды. Күдіктінің «Эпизоотикалық параноидты шизофрения» диагнозымен психиатрлық диспансерде есепте тұрғаны анықталды. Көршілердің айтуынша, немересі бұған дейін бірнеше рет әжесіне дене жарақатын салған», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-ші бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.