{metadescription}
Қазақстанда Telegram қосымшасы жұмыс істемей қалды

Қазақстанда Telegram қосымшасы жұмыс істемей қалды

Бірнеше елдің, соның ішінде Қазақстанның Telegram қолданушылары мессенджердің дұрыс жұмыс істемейтіндігін мәлімдеген.

Бұл туралы Downdetector танымал интернет ресурстарындағы олқылықтар мен үзілістерді бақылайтын сайт анықтаған. Порталдың хабарлауынша, мессенджер жұмысындағы үзілістер шамамен 11.41-де басталды (Нұр-Сұлтан уақытымен). Telegram ақауларының ең көп саны Ресейде, Нидерландыда, Қазақстанда және Бразилияда тіркелген.

Шағымдардың көп бөлігі мессенджерге қосыла алмау (94%)  және хабарлама жіберудегі қиындықтар (5%) жайлы болған. Telegram - көптеген форматтағы хабарламалар мен медиа-файлдарды алмасуға мүмкіндік беретін мессенджер.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде