{metadescription}
Нұр-Сұлтанда құрылыс компанияларының қылмысы әшкереленді

Нұр-Сұлтанда құрылыс компанияларының қылмысы әшкереленді

Қазіргі кезде экономикалық тергеу департаменті құрылыс компанияларының үстінен Қылмыстық кодекстің 214-бабы бойынша іс қозғағаған.

Нұр-Сұлтан қаласында жыл басынан бері пәтерлерді заңсыз сатқаны үшін астаналық құрылысшыларға қатысты 16 әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Бердалин мәлімдеді. Бердалиннің айтуынша, құрылыс компаниялары тұрғын үй кешендерінің құрылысына үлескерлердің ақшасын заңсыз тартып, сондай-ақ заңға қайшы салынып бітпеген үйлердегі пәтерлерді сатумен айналысқан.

"Пәтерлерді заңсыз сатуды болдырмау үшін біз алдағы уақытта мұндай іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуді жоспарлап отырмыз", – дейді ол.

Бүгінгі таңда басқарма 3 құрылыс нысанына қатысты талап-арыздарды сотқа жолдаған. Нәтижесінде, "Шанг Хи Групп" ЖШС, "ExpoNewLife" ТК, "Roztal" ЖШС, "Family Park" ТК, "Mainstreet" ЖШС және "Парус" тұрғын үй кешенінде пәтерлер заңсыз сатылғаны анықталды. Қазіргі кезде жоғарыда аталған компанияларға қатысты экономикалық тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлімі (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) бойынша іс қозғағаған. Тиісті тергеу шаралары жүргізілуде.

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.