{metadescription}
Шығыс Қазақстанда бұрынғы еден жуушы әкім болды

Шығыс Қазақстанда бұрынғы еден жуушы әкім болды

Аудан әкімі лауазымына тағайындалған Тамара Рахымжанова осы кезге дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болған.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Глубокое ауданының жаңа әкімін таныстырды. 

"Тамара Анатольевна Рахымжанова 1978 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, ол өзінің еңбек жолын 2001 жылы кәсіпорындардың бірінде өндірістік үй-жайларда тазалаушы болып бастаған", – делінген ақпаратта.

2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын "персоналды басқару" мамандығы бойынша білім алған.

2014-2016 жылдары "Өскемен тазалық" ЖШС директоры, 2016-2019 жылдары – "Өскемен тәртіп" КМК директоры болып жұмыс істеді.

2018 жылы Қазақстан инновациялық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірді.

Тамара Рахымжанова жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.