{metadescription}
Өзбекстанның вице-премьері қайтыс болды

Өзбекстанның вице-премьері қайтыс болды

Шенеуніктің коронавирус жұқтырғаны туралы шілде айында белгілі болды.

Ол 2020 жылдың ақпан айында вице-премьер қызметіне кірісті. 57 жасқа қараған шағында Өзбекстанның вице-премьері Уктам Барноев көз жұмды. Ол үкіметте аграрлық және азық-түлік саласына жауап берді. Ақпаратты Бұхара облысының жергілікті әкімшілігінде растады. Айта кетсек, Барноев ұзақ уақыт бойы коронавирустан ем қабылдады. Шенеунікке шілде айында СOVID-19 диагнозы қойылды. Ол Akfa Medline жеке емханасында емделді. 

Расталмаған мәліметке сәйкес, Барноев соңғы уақытта Германияда дәрігерлерге қаралды. Барноев 2020 жылы ақпан айында премьер-министр орынбасары қызметіне орналасты. Бұған дейін ол Бұхара облысының хокимі болған.

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.