{metadescription}
Өскеменде ер адам көшеде кетіп бара жатқан азаматқа пышақ ала жүгірген

Өскеменде ер адам көшеде кетіп бара жатқан азаматқа пышақ ала жүгірген

Өскеменде кісі өлтірмек болды деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталды.

Оқиға 18 қыркүйек күні таң ата Космическая көшесінде болған. Күдіктің қаланың 42 жастағы тұрғынын пышақпен жарақаттаған. Ауыр қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды.

«Қылмыстық полиция қызметкерлерінің сауатты жоспарлаған іздестіру жұмыстарынының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Ол бұрын қылмыстық жауапқа тартылған азамат болып шықты» - деді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Закимов.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 тармағы 1 тармақшасына сәйкес (Кісі өлтіруге оқталу), сотқа дейінгі тергеу басталды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.